Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер темекі қалдығының арқасында адам өлтірген қылмыскерді тауып алды

АҚШ-та полицейлер жерге тасталған темекі қалдығының арқасында қылмыскерді тауып алды. Қаскөй 2014 жылы адам өлтіргені үшін айыпталуда.

чикаго полицей 030717

Бұл туралы ABC хабарлады.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топтың мүшесі, 24 жастағы Джеффри Фримэн сыбайластарының тапсырмасымен 40 жастағы Торренс Пиккенстің көлігіне қарай беттеген. Ол қылмыс аймағында бөгде ер адамның пайда болғанын хабарламақшы болған. Автокөлікке барар жолда Фримэн темекі қалдығын тастап, артынша Пиккенске бірнеше мәрте оқ жаудырып, оқиға орнынан ізім ғайып жоқ болған.

Құқық қорғау органдары темекі қалдығын тауып алып, оны сараптамаға жіберген. Анализ темекі қалдығынан Фримэннің ДНҚ-сын анықтады. Күдікті қамауға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда бетперде киген қылмыскерлер мешітке келушілерге оқ жаудырды

Өліммен аяқталған демалыс: Қырғызстанда екі журналист Беш-Таш өзеніне батып кетті

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі оның пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

Папуастар ислам дінін қабылдап, адам сенгісіз өзгерістерді бастан кешірді (фото)

Талқылау