Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойызда мас болып әйелге тиіскен танымал жайдарманшы айыппұл арқалады

Ақылбек Скендиров
Фото: Видеодан скриншот

Танымал жайдарманшы Ақылбек Скендіров Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда шу шығарғаны үшін 86 500 теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 26 сәуірге қараған түні Қызылорда-Павлодар пойызында болған. Сот мәліметінше, ер адам жолаушы әйелге балағат сөздер айтып, оның демалуына кедергі келтірген.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп таныды. Оның бұрын жауапкершілікке тартылмағаны ескеріліп, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал жайдарманшы Ақылбек Скендіровтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрлардан оның бостандықта жүргенін байқауға болады.

“Басылды ма? Шыға берейін бе? Қатемді кешіріңдер”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр.

Мән-жайы

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әйел Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда өзіне мас жолаушы тиісіп, агрессивті әрекет жасағанын мәлімдегені хабарланған еді. Түнде баласымен жалғыз келе жатқан жолаушы полиция шақыруға мәжбүр болған.

Полиция шамамен бес сағаттан кейін келіп, түсініктеме алған. Әйел қатты шаршағанын және баласының қауіпсіздігіне алаңдағанын айтып, бастапқыда шағым жазудан бас тартқанын жеткізді.

Кейін ол қайтадан ресми арыз түсіріп, пойыздағы жолаушылар қауіпсіздігіне қатысты оқиғаны тексеруді талап етті.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 16:24