Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Плюс 20°C-қа дейін: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнде – 2021 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстанда күн жылы болады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді", - деп атап өтті синоптиктер.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.  

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.  

Талқылау