Басты жаңалықтар
Пластикалық ота жасатқан Балжан Бидаш: Бұрынғы түрімді көрсем, шошып кетемін
КешYou тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш сұхбат берді. Пластикалық ота жасатып, табиғи сұлулығына өң берген әнші бұрынғы түрін ұмытып қалғанын айтады.
Бұл туралы GAKKU TV арнасы хабарлады.
Балжан Бидаш КешYou тобының өте үлкен биіктікте болғаны айтып қалды. Өзі өнерге көрсеткен уақытта да топтың өз деңгейінде тұрғанын айтады.
Балжан Бидаш тұрмыс құруды жоспарлап отыр. Бұған дейін сүйіктісі сахнаға шығып, ел алдында сезімін білдіре ұсыныс айтқаны көптің есінде.
Бүгінде жеке әнші болып өнер көрсетіп жүрген әншінің ешкімге өкпесі жоқ.
"Пластикалық ота жасаттым. Бірақ мұрнымды сағынбаймын. Бұрынғы түрімнң қандай болғанын да ұмытып қалыппын. Кейде желіден көріп қалып, бұрынғы түрімнен шошып кетемін", - дейді ол.
- Балжан Бидаш: Әншілер арасында сезім білдіргендер бар, "тоқалым бол" деп ұсыныс айтқандар да болды
- "Баян Мақсатқызымен мейрамханада таныстым": Балжан Бидаш "Kesh you" тобына қалай келгенін айтты
"Қазіргі КешYou тобы туралы айта алмаймын. Қыздардың аттарын білемін. Олар жақсы қыздар", - деді Балжан Бидаш.
Әнші бұрынғы өзі өнер көрсеткен топ жайлы басқа ешнәрсе айтпады.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған