Пышақпен мойнын тіліп тастаған: Атырауда ер адам КамАЗ-дың астына секіріп кетті (видео)
Атырауда өмірден баз кешкен азамат жүк көлігінің астына секіріп кетті. Оқиға бүгін түскі уақытта болды. Қолына пышақ ұстаған ер адам жолдың бойына шығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары оны ұстауға ұмтылғанмен қарулы адам қолын әрі бері сермеп, ешкімді жанына жолатпады. Сәлден соң жолдан өтіп бара жатқан жүк көлігінің астына секіріп кеткен. Абырой болғанда дін аман.
Дәрігерлер оның жамбас сүйектері сынған дейді. Сондай-ақ пышақпен мойнының бірнеше жерін тіліп тастапты. 34 жастағы тұрғынның бұрыннан психологиялық ауытқуы бар көрінеді. Қазір "Өзін өзі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"