AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға салынады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын тек балалар мен жүкті әйелдер салдыра алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс.

"Pfizer вакцинасына дәмеленудің қажеті жоқ, қазір барып салғызыңыздар. Бір аптаның көлемінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған қытайлық вакцина келеді. Соны салғызуға болады", - деді Алексей Цой.

Айта кетсек, қазақстандықтар қазіргі таңда коронавирусқа қарсы 4 вакцинаны салғызып жүр: Спутник V, QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac. 

Еске сала кетсек, 15 шілдеде бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан болатын. Онда міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілген еді.

Атап айтқанда, қаулыда ұйымдар қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алып бітуі тиістігі айтылған. Сонда ғана олар штаттық режимде жұмысқа жіберіледі.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр