Петропавлда ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірді
Петропавлда ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 12 қарашада болған.
"6637 әскери бөлімінің келісімшарты бойынша сарбазы әріптесіне абайсызда оқ атып, жарақаттаған. Жігіт шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ мамандар әскери қызметкерді аман алып қала алмады", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қызметтік тергеу тағайындалып, мән-жай анықталуда.
"Ұлттық ұланның жоғарғы қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына қайғыра көңіл айтады", – деді ұлттық ұлан өкілдері.
Еске сала кетейік, 9 қазанда Астанада ұлттық ұланның сарбазы басына оқ атып көз жұмды. Бұған дейін Жамбыл облысында ұлттық ұланның үш офицері жаттығу кезінде жарақат алғаны хабарланды.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.