Астанада ұлттық ұланның сарбазы басына оқ атып көз жұмды
Астанада ұлттық ұланның әскери қызметкері мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қазанда болған.
6636 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Қайсар Сұлтанов әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамына кірген.
"Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші және бөлімше командирі қызметті тексеру кезінде қатардағы Сұлтановтың өз бекетінде басына оқ атып, жаралы жатқанын байқады. Сарбаз жедел жәрдем жеткенше көз жұмды", – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны атап өтілді. Қызметтік тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Жамбыл облысында ұлттық ұланның үш офицері жаттығу кезінде жарақат алғаны хабарланды.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп, ажырастым деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.