Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда сотталған әйел 10 жылдан соң бұрынғы күйеуі мен балаларын кездестірді

Петропавлда ЕО-164/6 әйелдер колониясында сотталған әйел 10 жыл көрмеген балалары мен бұрынғы күйеуімен кездесті. Әйелдің отбасы осы уақытқа дейін оның түзету калониясында болғанын білмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Петропавловск.news” порталына сілтеме жасап.

Сотталушы Айзаданың айтуынша, ажырасқаннан кейін күйеуімен байланысын үзген. Тағдыр тауқыметімен калонияға түскен. Бұл кезде балалар әйелдің анасының қолында болған. Нағашы әжесі ештеңе айтпағандықтан, оның ұлдары Айзаданың қайда кеткенін білмеген.

Кейін әкесі балаларымен кездесуге барған кезде кіші ұлынан анасының ұзақ уақыттан бері жоқ екенін, қайда екені белгісіз екенін естиді. Мұны естіген Айзаданың бұрынғы күйеуі оны балаларды тастап, басқа біреумен отау құрып кетті деп ойлайды. Сол себептен де кіші ұлын өзінің қамқорлығына алатынын Айзаданың анасына айтқан. 



Осы жағдайдан кейін сотталушы Айзада анасынан болған жайтты естіп, бұрынғы күйеуімен байланысқа шығады. Ол өзінің ұзақ уақыт бойы неге жоқ болып кеткенін, басынан қандай оқиғалар өткенін, балаларды өзінен ажыратпауын өтініп, бәрін түсіндіріп берген. 

Бұрынғы жарының тағдыр тауқыметінің торына іліккенін білген азамат ұлдарын қарамағына алып, қандай жағдай болса да, Айзада мен балаларын жалғыз қалдырмауға шешім қабылдаған. 

Тіпті бірнеше жыл көріспеген жарына ұлдарын ертіп әкеліп, қауыштырған. Отбасымен ұзақ уақыт байланысын үзген әйел оларды көріп бақытқа бөленгенін айтады.

Талқылау