Талдықорғанда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.
"07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Айтсаң, өлтіремін деді": Ақтөбеде оқушы қызды бала кезінен танитын көршісі зорлаған
22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды
"Жүлдені өз адамдарына береді": Қазақстандық ақындар мүшәйралардағы жершілдік пен тамыр-таныстықты сынады
Әдебиеттанушы кейбір байқауларда жүлдеге таласушылардың таныстары арқылы орын сұрататынын да айтады