Петропавлда ондаған тірі балапанды жұмыртқа қабығымен қосып қоқысқа лақтырған

Видеодан скриншот
Петропавл тұрғыны құс фермасынан лақтырылған қалдықтардың ішінен жұмыртқаны жарып шыққан балапанды тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам балапандарды шағалалар жеп қоймасын деп үйіне алып кеткен. Қазір ветеринарлық инспекторлар жұмыртқаларды, құстарды және қабықтарды қоқыс полигонына апарғандарды іздестіріп жатыр. Себебі биологиялық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау керек. Қазір бірнеше жергілікті құс фермалары күдіктеліп отыр.
ОқыңызБұл биологиялық қалдықтардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жойылуы керек, яғни олар өртеу пештеріне немесе жануарлар қорымдарына тасталуы керек.
"Ветеринария туралы" заңның 25-бабына сәйкес, жеке тұлғалар сатып алған кез келген жануарлар, бір күндік балапандар немесе сатып алған құстар туралы ветеринарлық қызметке хабарлауға міндетті. Хабарламау жағдайында әкімшілік жауапкершілік бар", – деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Наталья Тараканова.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"
"Түнгі сағат 12-де хабарласады, төмен баға қойылса шу шығарады": Қазақстандық мұғалімдер ата-анадан көрген қысымын айтты
Мұғалімнің сөзінше, ата-аналар мұғалімге хабарласудан еш ыңғайсызданбайды