Петропавлда мас ер адам автобуста жасөспірім қыздың денесіне қол жүгірткен

Петропавлда ер адам автобуста жасөспірім қыздың денесіне қол жүгірткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 17 қараша таңертең болған. Автобуста мас жолаушы мектеп оқушысына тиісіп, өзіне ескерту жасаған кондукторды балағаттаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.
“Құқық бұзушылық жасағаны үшін 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
Сот ер адамға 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткені туралы жазған едік.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?
Қазақстанда 12 миллион адамның тек 4 миллионы ғана ай сайын әлеуметтік аударымдар төлейді
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған