Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда егемендік жариялаған бір топ азаматқа қатысты сепаратизмді насихаттау бабымен іс қозғалды

Бас прокуратура Петропавл қаласында егемендік жариялаған "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" тобының видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тергеу

Қазір тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізіп жатыр. 30 наурызда аймақта полиция мен ҰҚК тергеушілерінен тұратын топ құрылған. 

"30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен әлеуметтік желілерде "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" ("Народный совет трудящихся города Петропавловск") құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамадар тобымен сепаратизмді насихаттау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды”, – делінген хабарламада. 

Ондағы мәліметтерге қарағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазір тергеу Бас прокуратураның бақылауында. 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда өздерін белсенді етіп көрсеткен азаматтар Қазақстаннан өз тәуелсіздігін жариялаған еді.

"Біз – Петропавл қаласының еркін және жігерлі халқы, ерлер мен әйелдер, еңбек адамдары Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізіне байланысты, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлардың жасалып жатқанын ескеріп, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетсіздігі мен абыройсыздығынан біз жүйенің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне мүлкіміз бен ресурстарымызды басқаруға толық сенімсіздік білдіреміз. Біз, халық, тәуелсіздігімізді, автономиямызды, егемендігімізді жариялаймыз", – дейді желіде таралып кеткен видеода сөйлеп отырған әйел.

Талқылау