Петропавлда бөгет жарылып, үш шағынауданды су басып жатыр (видео)
Петропавл айналма жолындағы бөгет жарылып, Подгора ауданын су басып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Су ағыны Речпорта ауданындағы айналма жолдағы топырақтан жасалған бөгетті бұзды.
“Қазіргі таңда Подгора аймағындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Подгора мен Кожзавод аумақтарын су басып жатыр. Ондағы адамдар да эвакуацияланып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы сағатта 1100 адам, оның ішінде 275 бала алдын ала
эвакуацияланды.
Еске сала кетейік, бүгін Есіл өзенінің тасқын сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан қорғаныш жер бөгеті (Хромзауыт шағын ауданы) арқылы су тасыды. Салдарынан 114 жеке тұрғын үй су астында қалды.
Жер үйіндісі күрделі инженерлік құрылым болып табылмайды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді