Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram желісіндегі порно арналардың бірінде оқушылардың ашық фотолары мен видеолары тараған

Telegram желісінде балалардың ұятсыз фотолары мен бейнелері тараған порно канал пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан скрин 

Telegram арнасының қанша уақыт бұрын пайда болғаны белгісіз. Бірақ ол өткен аптаның соңында танымалдыққа ие болды. Арнаның жазылушысы 10 мыңға жуықтаған. Балалардың суреттері, есімдері, фамилиялары және ұятсыз сипаттағы жазбалары әр 10 минут сайын шығарылып, мыңдаған қаралымға жеткен. Балалардың порно таспаның кейіпкерлеріне қалай айналғаны түсініксіз.

Фото мен видеоға түскендерді мектеп оқушылары сыныптастары арқылы таныған. Даулы арнаның авторы кім екені белгісіз. 



"СҚО полиция департаменті мессенджерде Telegram-арнаның пайда болуына байланысты тексеру жүргізілгені туралы хабарлайды. Біз ата-аналар мен жұрттың алаңдаушылығын түсінеміз және балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау үшін барлық қажет шараларды қабылдаймыз", – деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі. 

Талқылау