Гуманитарлық көмекті мұғалімдер ұрлап жатыр деген: Петропавлда су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды
Петропавлда 27 жастағы тұрғын WhatsApp желісінде жалған ақпаратпен дауыстық хабарлама жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол эвакуациялық пункт орналасқан мектепте мұғалімдердің жеткізілген гуманитарлық көмекті ұрлап жатқанын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Polisia.kz порталынан
Тараған хабарламадан кейін мектеп директоры полицияға жүгінген. Ал полиция ақпараттың жалған екенін растады.
"Таратылатын ақпараттың көрінеу жалған екендігі анықталды. Автор анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Сот әйелге 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салды.
Полиция адамдардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.
Еске салсақ, еліміздің он аймағында су тасқыны орын алып, адамдар эвакуациялануда. Бүгін Өзбекстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілді.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.