Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жіберді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанға су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындары үшін гуманитарлық көмек тиілген 15 жүк көлігі жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Өзбекстан премьер-министрі Telegram арнасы
Көмектің жіберілгені туралы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
15 жүк көлік су тасқынан зардап шеккен қазақстандықтарға қажетті өнімдерді апарады. Атап айтқанда: азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, матрацтар, көрпелер, жастықтар, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті керек-жарақтар бар.
Еске салсақ, еліміздің 10 аймағында су тасқыны орын алған еді. Бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберген еді.
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді
Алматылықтар кептеліске шағымданып, күзден қауіптеніп отыр: Әкімдік көлік мәселесін қалай шешпек
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған