Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 17 жастағы қызды мектеп бітіру кешінде алып қашып кеткен: Оны өзбекстандық анасы азаматтық алу үшін сатып жіберген

Петропавлда 17 жастағы Камиланы отбасы өзінен 14 жас үлкен ер адамға Қазақстанның азаматтығын алу үшін тұрмысқа беріп жіберген. Қыздың жақындары мен құрбылары істің анық-қанығын айтпай отыр. Жергілікті құзырлы органдар да бұл іске мүлдем шара қолдана алмайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі зерттеп көрді.

Фото: Сopilot.microsoft.com / Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Қызды алып қашып кеткені туралы алғашқылардың бірі болып Batyr Jamal басылымы жеткізді. 

Құрбысының айтуынша, бойжеткеннің анасы оны 31 жастағы жігітке сатып жіберген. Ал анасы қызы өзі тұрмысқа шыққысы келетінін алға тартып, ешкіммен сөйлескісі келмей отыр. Камиланың құрбыланың бірі оның қандай жақсы қыз болғанын айтып берді.

"Камила – өте ашық, ақкөңіл, жарқын жүзді қыз. Олар былтыр Өзбекстаннан Петропавлға көшіп келген. Дәлірек айтқанда, кәмелетке толмаған қызды еркекке сатып жіберді. Қазақстан азаматтығын оның отбасы мен өзі де алмаған. Анасы тіркеуге тұру үшін қызын 31 жастағы ер адамға үйлендірді. Күйеуінің 1993 жылы туғанын және Түркістан облысындағы теміржол станциясы бар қаланың бірінді тұратынын ғана білеміз. Көп ұзамай біз ер адамның Instagram аккауын таптық. Ол біздің құрбымызбен бірге бірнеше фото жариялаған екен. Көшеде бірге кетіп бара жатқан фотосын кейін өшіріп тастады. Бұған дейін Камиланың үй шаруасымен айналысып жатқан видеосы болған. Бізден бөлек тағы басқа достары оның анасымен қайта-қайта сөйлесуге тырысты. Сынып жетекшісі де қыздың жақындарымен жай тілдесуге тырысып көргенімен, бәрі бекерге кетті. Ол әңгімеден жалтарып, агрессивті сөйлеп, мүлдем қарсы болмағанын айтты. Қалай болғанда да, жеке өмірге араласатын біз кімбіз?" – деді құрбысы.

Құрбысы Камиланың ҰБТ тапсыруы керек болғанын айтты. Бірақ оны алып қашқандықтан қыз емтиханнан өте алмаған. 

Камиланы достарын телефонда блоктап, байланысқа шықпай кеткен. Қыздар Камиланың оқуын бітіргеннен кейін бірден ұрланғанын біледі. 

"Әуелі ол үйіне таксимен барған. Кейін әкесі қызын теміржол станциясына жеткізіп тастаған. Біз "Не молчи" қорына хабарласып көріп едік олар да ешнәрсе істей алмайтынын айтты. Құрбым ол еркекке өз еркінен тыс шыққанын мойындамай отыр. Ол өзін жақсы көретінін және екі жаста бәрі жақсы екенін айтады", – деп түсіндірді құрбысы.

Сынып жетекшісі де полицияға хабарласты, олар да осындай мәлімдеме жасады. Арызды жазуға болмайды, себебі оны туыстары жазуы керек деді полицейлер. 

"Біз оның ата-анасынан басқа туыстарын білмейміз, сондықтан болған жайт туралы айтуды жөн көрдік. Мүмкін қалың көпшілікті пікірі бізге көмектесіп қалар...", – деді құрбысы.

Stan.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіне жүгінген еді. Полиция өкілінің айтуынша, аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына қыздың таныстары мен туыстары ешқандай арыз түсірмеген. 

@batyrjamal #феминизм #феминизм_нужен #феминизмнаглядно #феминизмказахстан #феминизмвказахстане ♬ оригинальный звук – Batyr Jamal

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте қызды алып кешу дерегі бойынша ер адам ұсталғанын жаздық. Шымкент прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылдың 16 қаңтарында қаладағы полициясының кезекші бөліміне М.А есімді азаматша қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Талқылау