Петропавлда 14 жастағы жасөспірімге туысы оқ атты
Солтүстік Қазақстан облысында оқ тиген 14 жастағы жасөспірім балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша Петропавл қаласының тұрғынына оқты абайсызда 18 жастағы туысы атқан.
"Олар бірге Қызылжар ауданы Пресновка ауылының жанына ағаш отырғызуға барып, аң аулауға тырысқан. Оқиға болған жерден тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - деп хабарлады полиция.
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда