Петропавл жылу электр орталығында апат салдарынан бір жұмысшы зардап шекті
Демалыс күндері Петропавл жылу электр орталығында 2 бірдей қазандық істен шығып, апат орын алды. Салдарынан 27 жасар жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ер адамның денесінің 40 %-ын күйік шалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

"Науқастың беті, мойыны, қолдары, белі мен аяқтары ыстық буға күйіп қалған. Бізге түскен кезде оны бірнеше маман қарап шығып, бірден жансақтау бөліміне жатқызу туралы шешім қабылданды. Науқас есін жиды. Өздігінен дем алып жатыр. Қазір қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде", - дейді Петропавл қалалық көп салалы аурухананың бас дәрігері Жанна Мауытова.
Кәсіпорын мамандары қазандықтардың әбден тозығы жетті дейді. Сондықтан қысымға шыдамай, тесіліп қалған. Соған қарамастан оқиға орын алғанда тұрғындар жылу және электр қуатынан ажыратылған жоқ.
Айта кетейік, бұл Петропавл жылу электр орталығында тіркелген осымен екінші апат. Қараша айында ғана кәсіпорынның бірнеше қазандығы істен шығып, 50 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалған болатын.
"Мұғалімдер де боянбасын": Қазақстандық оқушылар мектептегі макияж бен сыртқы келбетке қойылған талаптарға қарсы шықты
Министрлік талаптардың орындалуы оқушының өзіне ғана емес, ата-анасына да қатысты екенін атап өтті
"Бір шелек алтын" үшін қырылған отбасы: Алты адам мен сәби азаппен өлтірілген қанды қылмыс туралы не белгілі
Қылмыскерлер мәйіттерді бір бөлмеде бірінің үстіне бірін үйіп өртеген