Идеядан дамуға дейін: Нұрбанк кәсіпкер әйелдерді қалай қолдайды?

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) жартысына жуығын бүгінде әйелдер басқарып отыр. Бұл жай ғана статистика емес. Оның артында жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету саласын дамытып, өңірлердің экономикасына серпін беріп отырған өндіріс орындары, туристік нысандар, сұлулық салондары мен ательелер сияқты нақты жобалар тұр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы бір миллионнан астам әйел шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін басқарған. Бұл олардың жалпы санының 48,1%-на тең. Әйел кәсіпкерлер, әсіресе сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану, білім беру, сұлулық индустриясы, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік жобалар саласында белсенді.
Әйелдер кәсібін дамытуда қаржының қолжетімділігі маңызды. Кредит қаражаты кәсіпкерлерге қажетті құрал-жабдық сатып алуға, коммерциялық жылжымайтын мүлік алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, айналым қаражатын толықтыруға және бизнестің жаңа бағыттарын іске қосуға мүмкіндік береді.
Нұрбанк: бизнестің нақты қажеттілігіне сай қаржыландыру
2026 жылдың сәуірінде Нұрбанк Қазақстан банктерінің ішінде бірінші болып әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған халықаралық WE Finance Code – Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексіне қосылды. Әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылып жатқан бұл бастама әйелдер иелік ететін немесе басқаратын компаниялардың қаржыға қолжетімділігін арттыруды көздейді. Нұрбанктің бастамаға қосылуы қаржы институтының әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының заңды жалғасы болды.
Нұрбанктің өнімдер қатарында әйелдер бизнесінің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген "Бизнес Ханым" бағдарламасы ерекше орын алады. Бағдарлама инвестициялық мақсатта қаржы алуға, айналым қаражатын толықтыруға және қазіргі қарыздарды қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында 100 млн теңгеге дейін кепілдікпен кредит беріледі. Ал кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның кепілдігін пайдалануға болады.
Банктің мәліметінше, әйелдер кәсіпкерлігіне көңіл бөлу олардың экономикаға қосқан үлесімен ғана емес, кредит портфелінің сапасына жүргізілген талдаумен де байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, әйел кәсіпкерлер шешім қабылдағанда байыппен әрі жүйелі әрекет етеді, төлем тәртібін сақтайды және қаржылық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарайды.
"Нұрбанк гендерлік ерекшелікке емес, ең алдымен кәсіптің әлеуетіне мән береді. Нарықтағы деректерді талдау әйел кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін түсінуге және олардың дәл қазір де, болашақта да табысқа жетуіне ықпал ететін шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әйелдерге неғұрлым икемді қызмет көрсету қажеттілігін және олардың әлеуметтік жүктемесінің жоғары екенін ескереміз", – деді Нұрбанктің Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Мажуга.
Банк қолдауының нәтижесін қаржыны нақты жобаларын дамытуға бағыттап отырған кәсіпкер әйелдердің оқиғаларынан-ақ көре беруге болады.
Виктория Кабин: HoReCa саласындағы тәжірибеден жеке өндіріске дейін
Виктория Кабин тамақтану, іс-шара ұйымдастыру және сауда салаларында көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Мейрамхана бизнесіндегі тәжірибесі оған HoReCa сегментінің қажеттіліктерін, өнім сапасына қойылатын талаптарды, сатып алу мен логистиканың ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берген.

2025 жылы кәсіпкер Қостанайдағы Нұрбанк филиалына жаңа бизнес-жобасымен жүгінді. Виктория жұбайымен бірге әзірлеген жоба сиыр етін толық цикл бойынша өңдеуді, балғын ет, жартылай фабрикаттар және өңір нарығына арналған дайын өнім шығаруды көздеді.
Жобаның маңызды ерекшелігі – барлық өнімнің кәсіпкерлердің өз рецептері бойынша жергілікті ұн мен еттен дайындалуы және сапаның бірнеше кезеңнен тұратын бақылаудан өтуі. 2025 жылдың қыркүйегінде жоба "Өрлеу" бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Қаражат коммерциялық ғимарат сатып алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ет өңдеу құрал-жабдықтарын алуға бағытталды. Ал Виктория жобаны тікелей іске асыру мен оның жұмысын жолға қоюға жауапты болды.

Бүгінде FIRST брендімен жұмыс істейтін цех бірнеше бағытты біріктіреді: жартылай фабрикаттардың кең ассортиментін өндіру, кейтеринг және корпоративтік тамақтандыру қызметі. Қаржыландыру бизнес-идеяны нақты жұмыс істеп тұрған өндіріске айналдыруға мүмкіндік берді.
Викторияның жобасы кәсіби тәжірибе, нарық сұранысын түсіну және банк қаржыландырған кезде заманауи өндірісті іске қосып, өңір нарығын сапалы әрі жаңа өніммен қамтамасыз етуге болатынын көрсетеді.
Айнұр Жақыбаева: ішкі туризмді дамытатын жоба
"Лес и Звезды" глэмпингі Ақмола облысында, Бурабай мен Жөкей көлінің маңында орналасқан. Отбасылық жоба табиғат аясындағы демалысты заманауи жайлылықпен үйлестіреді. Қонақтарға тентхаустар, A-frame үйлері, монша, бассейн, велосипедтер мен квадроциклдер ұсынылады.

Глэмпинг 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір оның нөмірлік қоры 11 тентхаус, 3 A-frame үй, сфералық үй және жеке үйден тұрады. Жақында қонақтар тағы 5 барнхауста демала алады. Маусым кезінде кешенге 3 мыңнан астам адам келеді. 2022 жылы "Лес и Звезды" Ақмола облысындағы үздік туристік жоба деп танылған.
Жобаны әрі қарай кеңейту үшін кәсіпкер Нұрбанк арқылы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның микро, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған "Өрлеу" бағдарламасын пайдаланды. Алынған қаржы құрылысты жалғастыруға, инфрақұрылымды дамытуға және жаңа демалыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

"Банктің қолдауының арқасында құрылысты жалғастырып, инфрақұрылымды дамытып, алға қарай әлдеқайда жылдам жылжи алдық", – дейді "Лес и Звезды" глэмпингінің құрылтайшысы Айнұр Жақыбаева.
Кәсіпкер алдағы уақытта мейрамхана бағытын дамытып, SPA аймағын және жыл бойы жұмыс істейтін бассейн салуды жоспарлап отыр.
Анастасия Пак: сұлулық, стиль және әйелдерге сенімділік сыйлайтын кеңістік
Анастасия Пак – Қарағандыдан шыққан кәсіпкер, әйелдерге арналған Velvet клубы мен LINDA BOUTIQUE ATELIER жобаларының негізін қалаушы. Оның жобалары әйелдер өзіне жайлы ортада түрлі қызметтерді алып, жеке стилін қалыптастырып, өзін еркін әрі сенімді сезіне алатын кеңістік құруға бағытталған.

Velvet клубында сұлулық процедураларымен қатар би, созылу жаттығулары және йога бағыттары ұсынылады. Ал LINDA BOUTIQUE ATELIER жобасын ашу идеясы Анастасияның клиенттерімен күнделікті қарым-қатынасы барысында пайда болған. Кәсіпкер әйелдердің жеке ерекшеліктеріне сай таңдауға болатын сәнді әрі сапалы киімге сұраныс бар екенін байқаған.
Бутик-ателье 2025 жылдың қыркүйегінде ашылды. Мұнда күнделікті, классикалық және кешкі образдарға арналған киімдер, сырт киім, аяқ киім, сөмкелер мен аксессуарлар ұсынылады. Клиенттер дайын киімді өз өлшеміне сай келтіруге немесе жеке тапсырыспен киім тіктіруге де мүмкіндік алады. Жоба қалалық сән көрсетілімдеріне, фототүсірілімдерге, түрлі коллаборациялар мен әйелдерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларға қатысады.

Жобаны дамыту үшін Анастасия Нұрбанкке жүгінген. Банк оған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның микро, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған "Өрлеу" бағдарламасы арқылы қаржы берді. Қаражат жеке коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталды.
"Мен үшін бұл тек қаржылық емес, сонымен қатар үлкен моральдық қолдау болды. Қаржы саласының кәсіби мамандарының саған сенетінін сезіну өте маңызды. Көрсетілген сенім үшін алғыс айтамын және алда жаңа бірлескен жобалар, кеңею мен бизнестің одан әрі дамуы болады деп үміттенемін", – дейді Анастасия Пак.

Қаржыландыру кәсіпкерге жобаның материалдық базасын нығайтып, оны әрі қарай кеңейтуге жағдай жасауға мүмкіндік берді. Алдағы жоспарлардың қатарында ұйымдарға арналған киім тігу бағытын дамыту, маркетплейстерге шығу, шетелдік жеткізушілермен ынтымақтастықты кеңейту және қазақстандық брендтерді ілгерілету бар.
Кәсіпкерлік идеядан өңірлерді дамытуға дейін
Бұл үш жоба әртүрлі саланы қамтиды және қаржыландырудың бизнестің нақты міндеттерін шешуге қалай көмектесетінін көрсетеді. Виктория Кабин алған қаржысының арқасында өндірісін іске қосты. Айнұр Жақыбаева "Лес и Звезды" глэмпингінің туристік инфрақұрылымын дамыту жұмысын жеделдете алды. Ал Анастасия Пак жеке коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алып, Velvet пен LINDA BOUTIQUE ATELIER жобаларын әрі қарай кеңейтуге берік негіз қалыптастырды.
Бұл жобалардың барлығына ортақ бір нәрсе бар: қаржыландыру кәсіпкердің тәжірибесіне, түсінікті бизнес-модельге және нақты даму жоспарына негізделген кезде тиімділігін арттыра түседі. Мұндай жағдайда несие тек ағымдағы қажеттілікті өтеуге емес, өндіріс құруға, қызмет сапасын арттыруға, өңірлік бизнесті нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – жекелеген бизнес-жобаларға салынған инвестиция ғана емес, елдің тұрақты экономикалық дамуына қосылған үлес. Қаржыға қолжетімділіктің артуы кәсіпкер әйелдерге жаңа өндірістер ашуға, кәсіпорындарды жаңғыртуға, жұмыс орындарын құруға және өңірлер экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Статистикадағы әр цифрдің артында нақты кәсіпкерлік тарихы тұр. Ал мықты идея қажетті ресурспен ұштасқанда, ол нақты жобаға, жаңа жұмыс орындарына және өңірдің экономикалық дамуына айналады.
ҚНРДА 17.08.2026 жылы берген № 1.1.849/146 Банктік және басқа операцияларды жүзеге асыруға лицензия (Әмбебап банктік лицензия). ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға лицензия.
"Бір шелек алтын" үшін қырылған отбасы: Алты адам мен сәби азаппен өлтірілген қанды қылмыс туралы не белгілі