Смартфонға секундына 185 кадр не үшін қажет және оның POCO F9 сериясына қандай қатысы бар

Шындығында, секундына 185 кадр жасау, смартфон емес, болашақтағы қандай да бір компьютер туралы айтып тұрғандай естіледі. Алайда POCO F9 Ultra және POCO F9 Pro смартфондары ойын ойнағанда секундына дәл осындай жылдамдықпен кадр бере алады.
Осы жерде заңды сұрақ туындайды: мұны қарапайым адам шынымен сезе ме? Жауабы – иә. Әсіресе, смартфонда ойын ойнағанды ұнататындарға ерекше сезіледі.
Динамикалық ойынды елестетіп көріңіз. Сіз камераны бұрасыз, қарсыласыңыз экранда бір секундқа көрініп, саусағыңыз дисплей бетімен сырғиды. Осындай сәтте смартфонның қаншалықты жылдам жауап беретіні ойын нәтижесіне әсер етеді. Кескін неғұрлым тегіс әрі жауап беру жылдамдығы жоғары болған сайын, сіздің әрекетіңіз бен экранда болып жатқан жағдайдың арасында кідіріс бар деген сезім соғұрлым азаяды.

Жаңа POCO F9 сериясының ойынға арналған тұжырымдамасы дәл осыған негізделген.
Смартфондар VisionBoost D8 графикалық чипімен және WildBoost Engine технологиясымен жабдықталған. Қолданылатын ойындарда олар секундына 185 кадрға дейінгі жиілікте жұмыс істей алады. Сонымен қатар интеллектуалды жаңарту жиілігі мен супер ажыратымдылық технологиясы бір уақытта іске қосылады.
Смартфон тек кадр санымен шектелмейді.
Сондықтан POCO ойын режимінде сенсордың жанасуды лезде қабылдау жиілігін 4800 Гц-ке дейін, мультитач жиілігін 480 Гц-ке дейін, ал гироскоптың дискреттеу жиілігін 200 Гц-ке дейін жеткізген. Қарапайым тілмен айтқанда, смартфон саусағыңызбен жасаған әрекетті немесе құрылғының қозғалысын барынша жылдам түсінуі керек.

Сонымен қатар POCO 3D IceLoop салқындату жүйесі де қарастырылған. Өйткені қысқа тест кезінде жоғары нәтиже көрсету бір бөлек, ал смартфонда бірнеше сағат бойы ойын ойнау мүлде басқа.
Бұл тұрғыда POCO F9 Ultra-ның артықшылығын атап өткен жөн. Смартфон Snapdragon 8 Elite Gen 5 процессорымен, 512 ГБ-қа дейінгі жадымен және сағатына 8050 мА аккумулятормен жабдықталған. AnTuTu тестінде құрылғы 4 165 108 ұпай жинап, POCO смартфондары арасындағы рекордтық нәтиже көрсеткен.
Алайда бір қызығы – компания F9 Ultra-ны тек ойын ойнауға арналған құрылғы ретінде жасамаған.
Смартфонда 185 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігін қолдайтын, диагоналі 6,9 дюймдік POCO HyperRGB AMOLED экраны бар. Ал F9 Pro-ның дисплейі сәл ықшамдау – 6,59 дюйм. Дегенмен технологиясы бірдей.

Бұл экранда ойын ойнап қана қоймай, фильм көруге, әлеуметтік желілерді парақтауға және интерфейстің бірқалыпты жұмысын тамашалауға болады. Ал 4500 нитке дейін жететін ең жоғары жарық экрандағы ақпаратты жарық ортада да анық көруге көмектеседі.
Серияның тағы бір қызық ерекшелігі – дыбысы.
POCO алғаш рет акустиканы баптау жұмысына Bose компаниясын тартқан. F9 Ultra моделінде жеке сабвуфері бар дыбыс жүйесі қолданылған. Ал геймерлер үшін аяқ дыбысын анық естуге және дыбыстың қай жақтан шыққанын дәлірек түсінуге көмектесетін Game Audio режимі қарастырылған.
Мұндағы идея қарапайым: қарсыласыңызды көрмесеңіз, оның қайда екенін дыбыс арқылы анықтап көріңіз.
Әрине, камераны да ұмытпаған жөн. 200 Мп негізгі камера оптикалық тұрақтандыру жүйесімен бірге екі модельде де бар. Ал Ultra нұсқасы қосымша 5 есеге дейін оптикалық үлкейтуді қолдайтын перископты камерамен жабдықталған. F9 Pro моделінде 2,5 есеге дейін үлкейтетін 50 Мп телефото камерасы бар.

Осылайша POCO F9 сериясы бірнеше міндетті қатар атқара алады. Кешке ойын ойнауға арналған құрылғы болса, күндіз сапалы сурет түсіретін камерафонға, жолда мультимедиялық орталыққа, ал таңертең күнделікті жұмысқа арналған смартфонға айналады.
Ал Ultra моделіндегі сағатына 8050 мА-лік аккумулятор шынымен екі күнге дейін жетсе, қуаттағышқа жиі жүгінудің қажеті болмайды.
Ал қуаттау қажет болған жағдайда 100 Вт HyperCharge жылдам зарядтау технологиясы көмектеседі. Сонымен қатар смартфон 50 Вт-қа дейінгі сымсыз зарядтала алады.
Сондықтан мұндағы секундына 185 кадр жасау қабілеті жай ғана презентациядағы әдемі цифр емес. Бұл – POCO-ның негізгі идеясын көрсететін мүмкіндіктердің бірі. Яғни, компания смартфонның қолданушының кез келген әрекетіне – экранды түртуге, камераны бұруға немесе ойындағы дыбыстық белгіге барынша жылдам жауап бергенін қалайды. Ал одан кейінгі нәтиже ойыншының өзіне байланысты.

Түс таңдауда да компания тәжірибе жасап көрген. Мысалы, POCO F9 Ultra қою шие түсті, қазіргі трендтегі реңкпен ұсынылған. Ал жасыл түсті POCO F9 Pro моделінің артқы қақпағы жарық түскеннен кейін қараңғыда жана алады.
Осылайша, POCO F9 сериясы түнде де назардан тыс қалмайтын смартфондардың біріне айналады.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді