Алматылық фармацевт әсері күшті дәрі жеткізетін желі ұйымдастырған
Ақтөбе облысында әсері күшті дәрілерді заңсыз сатумен айналысты деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, Алматыдағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт дәрілерді Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырып отырған.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт өзінің заңды қызметінің мүмкіндіктерін пайдаланып, Ақтөбе облысына әсері күшті дәрілердің ірі партияларын жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды", – деп мәлімдеді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әубәкіров.
Алайда бұл іске фармацевттен бөлек бірнеше адам қатысқаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, топ құрамында ұйымдастырушы, оператор, дәрілерді бөліп-қаптаған және оларды жасырын орындарға қалдырумен айналысқан адамдар болған. Құқық қорғау органдары топтың барлық мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Арнайы операция барысында заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді.

Бұдан бөлек, ІІМ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әсері күшті дәрілердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын таңы бір мәрте еске салды.
"Әсері күшті дәрілердің заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Данияр Әубәкіров.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді