Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Матушка Земля, святая Русь": Қостанайдағы колледжде орындалған ән желідегілердің ашуын туғызды

ән
Фото: Видеодан скрин

Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжде “Матушка Земля” әні шырқалып, бұл қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл ән 1 қыркүйекте шырқалған. Желіде білім ордасында түсірілген видео тарады. Кадрдан студенттердің оқу орны аумағында жүргенін, ал бір қыздың жаңғыртып осы әнді шырқап тұрғанын көруге болады.

“Матушка-земля, белая берёзонька… Для меня - Святая Русь, для других – занозонька”, – делінген ән мәтінінде.

Желі қолданушылары әнді насихат сипатында деп бағалады. Ал енді бірі оның 1 қыркүйек Білім күніне сәйкес келмейтінін жазды.

“Әрине, бұл ән. Бірақ жай ән емес, насихат сипатындағы ән”.

“Қостанайдағы колледжде 1 қыркүйекте “Матушка Земля” әні шырқалып жатыр. Колледж басшылығына шара қолдануды талап етемін”.

пікір
Фото: Threads скрин

“Әсіресе мұндай әннің 1 қыркүйек – Білім күнінде орындалуы қаншалықты орынды?”.

 “Мынау не масқара? “Матушка Земля” дегені несі? Біріншіден, бұл ән Білім күніне сәйкес келмейді. Екіншіден, Қостанай – қазақ жері. Ресейдің патриоттық әні біздің елдің төрінде неге шырқалып жатыр?”.

пікір
Фото: Threads скрин

“Не деген насихат? Қазақстан азаматы ретінде аталған колледж директоры мен оқу-ағарту ісі жөніндегі мамандардың үстінен қызметтік тексеру жүріп, жұмыс орнынан босатылуын талап етемін. Сонымен қатар Қостанай қаласының барлық оқу орындарын тексеру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын!”. 

пікір
Фото: Threads скрин

Stan.kz Қостанайдың білім басқармасынан мән-жайды сұрады. Алайда әзірге ресми түсініктеме бермеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтығын алған ер адам желідегі қазақ тіліне қатысты жазбасы үшін жазаланғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек, 2026 12:00