Петропавл қаласының әкімі үйқамаққа алынды: Әкімдік ақпаратты түсіндірді
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков үйқамаққа алынды деген ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Болат Жұмабеков қызметінен босатылды" деген қауесет қалада көптен бері айтылып, жақында әкім толықтай үйқамаққа алынды деген ақпарат тараған болатын.
"Петропавл қаласының әкімдігі облыс орталығының басшысы үйқамақта, сондай-ақ әкім қызметінен босатылды деген ақпаратты жоққа шығарады. Қала әкімі Болат Жұмабеков 7 мамыр мен 6 маусым аралығында еңбек демалысында", - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі