Петропавл әкімдігі бюджет қаржысына 1 миллион теңгелік душ кабинасын орнату үшін байқау жариялаған
Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыстар порталына 3,6 миллион теңге болатын жаңа лот орналастырған. Алайда жөндеу жұмыстарына арналған қаржының 1 миллион теңгесі қымбат себезгі кабинасын сатып алуға арналыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавлск.news басылымына сілтеме жасап.

Порталдағы ақпаратқа сәйкес әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал жұмыстың негізгі мақсаты ұзындығы 1,5 метр, ал биіктігі 2 метр болатын себезгі кабинасын орнатуға бағытталған.
Бөлінген қаржының 1 миллионы жұмысшылардың жалақасына, 1,5 миллион теңгесі құрылыс материалдарына, ал 848 мың теңгесі себезгі кабинасына арналған. Қосымша шығындармен қоса есептегенде бұл қаржы 916 мың теңгеге жетеді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"