Пеш мұржасын ерте жауып тастаған: СҚО-да бір отбасының мүшелері иіс тиіп, уланып қалды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында бір отбасының 3 адамы иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпан күні сағат 04.15-те Есіл аудандық ауруханасына Явленка ауылының тұрғындары – 25 жастағы ер адам, оның 34 жастағы әйелі және бір жастан енді асқан қыздарымен келген. Оларда иіс тиіп, улану белгілері болған.
Қазір зардап шеккендер аудандық ауруханада ем алып жатыр, жағдайы бірқалыпты.
Үй иесінің пеш мұржасын ерте жауып тастағаны анықталды. Салдарынан отбасы мүшелері көмірқышқыл газына уланып қалған.
Ауыл тұрғыны қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, енді айыппұл төлемек.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды