Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуашев жалақының өскені туралы: Мен бұған қуанбаймын

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламент депутаттарының жалақысын көтеру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

1584910

Фото: Ксения Воронина

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Бұл жалақыны бекіткен мәжілісмендер емес. Еңбек ақыны төлеудің ортақ жүйесін үкімет бекітеді. Бұл мәжіліс депутаттарына ғана қатысты нәрсе емес. Менің түсінуімше, бүгін комитет төрағалары, тіпті вице-министр, министр деңгейінде жалақы бекітілген”, – деді Перуашев.

Ол  жұрт келеке қылып жүрген депутаттардың жалақысы,  Министр тұрмақ  вице-министрдің айлығына жетпейтінін айтып қалды.

Бұл ретте депутат салыстырмалы түрде халық қалаулыларының аса көп жалақы алып отырмағанын да жеткізді.

“Ұлттық компаниялардағы жалақыны айтпағанда бұл әлдеқайда орташа жалақы. Сол себепті мен мысқылдап немесе табалап қуанбаймын”, – деп атап өтті.

Бұған дейін елімізде депутаттардың жалақысы көтерілетіні туралы айтылған еді. Өз кезегінде депутат Бекболат Тілеухан да аталмыш мәселеге қатысты ойын айтты.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау