Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пенсияға дайындалып жатырмын": Мақпал Жүнісова жастық шағынан сыр шертіп, бұрын-соңды жарияланбаған фотоларын көрсетті

Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнаға алғаш шыққан жылдарынан сыр шертіп, ескі фотоларын тыңдарман қауымға көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal

Сондай-ақ өнер иесі оқырман қауыммен сырласып, сұрақтарына жауап берді.

“Бұл суреттер мықты фотограф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді. Өзім де алғаш көріп отырмын. Осындай жас кезімізден суреттерді жіберіп, қуантқаныңыз үшін көп рақмет! Жас күндеріңізде бәріңіз де арық, жіңішке болған шығарсыздар. Қазір жасым 60-тан асты. Пенсияға дайындалып жатырмын", – деп жазды халық әртісі.



Желі қолданушылары әншінің сондай сұлу болғанын жарыса жазып жатыр. 

“Осыдан 23 жыл бұрын, апайдың көмекшілеріміз деп тегін концерт көріп едік. Студент едік, ақша жоқ. Асығып келе жатқан апайдың артынан біз де асығып кіріп кеттік. Қайран, балалық”, “Аяғыңыз оқтаудай екен”, “Әлі де сол қалпы әдемі, көріктісіз", "Өте тамаша жансыз", "Шіркін жастық шақ. Қандай әдемі", "Сол кезден-ақ хас сұлу болыпсыз ғой", "Не деген әдемі қыз. Қайран жастық шақ", "Талай жігіттің арманы болған қызсыз ғой", – деп сүйсінді көпшілік.

Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататынын мәлімдеген еді. 

Талқылау