"Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел": "Нұр-Мүбарак" университеті сынға қалған қазақстандық имамға тек ескерту берді

Фото: Желі кадрларынан скрин
"Нұр-Мүбарак" университеті "Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел" деп айтқан имам Нұржан Смағұловқа түсініктеме жүргізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Онда ислам педофилияны қатты айыптайтыны айтылды. Смағұловқа сөз үшін жауапкершілік бар екені ескертілген. Сонымен қатар, видео үзінділері оның сөзін бұрмалағаны атап өтілді.
Университет өз қызметінің Қазақстан заңдарына және ислам қағидаларына толық сәйкес екенін растады.
Еске салсақ, Исламтанушының "Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел" деген сөзі қазақстандықтарды ашуландырған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар