Педофилдер мен лаңкестердің Қазақстанға кіруіне тыйым салатын заң мәжіліске қайтарылды
Сенат депутаттары көші-қоны саласындағы заң актілеріне жекелеген өзгерістер енгізу үшін заңды мәжіліске қайтарды. Негізгі түзетулер қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өзгерістерге байланысты болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысы бар сотталғандардың Қазақстан азаматтығын алуына, сондай-ақ олардың елге кіруіне мүмкіндік берілмейді. Экстремистік немесе лаңкестік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге де елге кіруге тыйым салынады.
Аталмыш заңға мынадай түзетулер енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының екінші бөлігіне ("Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау") қатысты қылмыстық жауаптылықтан басқа жазаның баламалы түрлері алынып тасталсын. Сондай-ақ қылмыс қызмет бабын пайдаланып жасалса, бас бостандығынан айыру мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзартылсын.
- Бейнебақылау жүйелерін қасақана жою немесе бүлдіру үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексіне "бейнебақылау" түсінігін енгізе отырып толықтыру.
- "Халықтың көші-қоны туралы" заңның жекелеген нормалары ҚР кәсіпкерлік кодексінің және "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның нормаларына сәйкестендірілді.
Сондай-ақ, заң баптары нормаларының ішкі келісілуін қамтамасыз етуге және құқықтық коллизияға жол бермеуге байланысты өзгерістер енгізілді.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген