Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады: Заң сенатқа жолданды
Бүгін мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымнан қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң 2022 жылы бірінші оқылымда мақұлданған еді.
Заң жобасының негізгі ережелері қандай екенін депутат Магеррам Магеррамов түсіндіріп берді:
- халықтың көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің елімізге келуін және ел азаматтығын алуын шектеу;
- экстремистік немесе террористік қызметке тартылған шетелдіктердің елге келуіне тыйым салу;
- төтенше жағдайларда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесін шешу.
“Жоғарыда аталған жаңашылдықтарды енгізу заңнамадағы бар олқылықты жоюға, көші-қонды бақылауды тиімдірек қамтамасыз етуге, халықты құжаттандыру рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жұмыс тобының отырыстарында заң жобасын қарағанда мәжіліс депутаттары бірқатар түзету енгізді”, – деп атап өтті депутат.
Бұған дейін әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған еді.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты