Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады
Қала тұрғыны мас күйінде полицей көлігінің төбесіне шығып селфи жасағаны үшін он күнге қамауға алынады деп хабарлады Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Фото: Андрей Стенин
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 25 наурызда 23 жастағы мас павлодарлық Кәрібаев көшесінде полицей көлігінің төбесіне шығып, селфи жасап, әлеуметтік желілерге жариялай бастайды. Онымен қоймай, көшедегі жаяу жүргіншілерді балағаттап тіл тигізеді. Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпты деп танылып, “Ұсақ бұзақылық” бабына сәйкес 10 күнге әкімшілік қамауға алынады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін
Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті
87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"