Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық ару аттракционға мінемін деп өмірімен қош айтыса жаздады

Павлодар тұрғыны Александра Олейник қаладағы саябақтардың бірінде аттракционға мінемін деп өмірімен қош айтыса жаздады.

анастасия 070717

Фото: “Евразия” арнасынан скриншот

Бұл туралы pavon.kz хабарлады.

«Тарзанкадан» секірмекші болған 23 жастағы бойжеткен арқан үзіліп кеткеннен кейін металл тірекке құлап кеткен.

«Егер менің орнымда кішкентай бала болса, оқиғаның арты бұдан да сұм жағдайға алып барар еді. Егер аяқ-қолыммен жауып қалмасам, метталға шекеммен түсер едім. Онда дәл қазір сіздің алдыңызда болмас едім», – дейді Александра Олейник.

Оқиғадан кейін бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, физиопроцедуралар қабылдап, жарақаттарына түрлі дәрілік майлар жақты. Алайда арада бір апта өтсе де қыздың жағдайы жақсарған жоқ. Ісік қайтпады, ол аз десеңіз, қан ұюсуының қаупі туды. Денсаулығына зиян келтіріп алған қыз сотқа жүгінбек.

5fc7813a6fd8be60c43ae93307647c367f97acb4

Ал оқыс оқиғадан кейін аттракцион жұмысын тоқтатты. «Тарзанка» бөлшектерге бөлінген, ал оның маңайында ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ. Саябақ әкімшілігі жеке-меншік аттракциондарды тексеру жұмыстарының қалай жүретінін айтып берді: иесі құжатын, аттракцион техпаспортын, оның дұрыс орнатылуы мен монтажын көрсетеді. Соған қарағанда, бұдан кейін қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілмейді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)

Қарағандыда ішкіш көршілерінің кесірінен 10 пәтер жанып кетіп, иелері далада қалды

Қостанайда суға кеткен баларды құтқарған ер адам табылмай жатыр

Пошташысы хатты есікке қыстырып кеткені үшін «Қазпоштаны» соттады

Талқылау