Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда суға кеткен баларды құтқарған ер адам табылмай жатыр

Кеше іздестіру тобы іс-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар Қостанай тұрғыны Игорь Коцкийді түнге дейін іздеді. Алайда іздестіру жұмыстарынан еш нәтиже шықпады.

20170707074833

Бұл туралы «Наша газета» басылымы хабарлады.

Баланың денесін құтқарушылар да, іздеуге кіріскен еріктілер де таба алмады. Оны білген ата-анасы Игорьдің тірі екенінен үміттеніп отыр.

Ал іздестіру тобына қосылған еріктілердің бірі 4 шілде күні Игорьға ұқсас баланың өзенге шомылып жүргенін көріпті. Сонда бір қыз және бір ұл бала суға батқан. Ал сол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам қос бүлдіршінді құтқарыпты-мыс.

Еріктілер балаларды судан алып шыққан ер адамды іздестіруде. Оның есімі Иван болуы мүмкін. Ал іздестіру тобы бүгін таңғы 8-ден бастап Игорьді іздеуге қайта кірісті.

Еске сала кетейік, шілденің 5-і күні Игорьдің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады

Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қыз балалар туралы айтқан хадистері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толды

Талқылау