"Жағдайы ауыр": Сәбидің дәрігер кесірінен ауруханада жатқанына 500 күннен асты
Павлодарлық екі жасар сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 500 күннен асып кеткен. Өздігінен дем ала алмайды. Гүлнар Жанайдарова ұлы Кәрімнің әлі де өкпеге жасанды ауа беру аппаратына таңылғанын және реанимацияда жатқанына 535 күннен асқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеп.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, Кәрімнің жағдайы ауыр.
"Кәрімге өте сәтті ота жасалды. Бірақ жарақаттың өзі де, салдары да ауыр. Бала әлі дем алмайды. Алған жарақаттың ісерінен мойын омыртқаларының сынуынан басқа, жұлынның атрофиясы және миы зардап шеккен. Бала ауыр жағдайда, есте сақтау қабілетіне де зиян келген", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Күзеков.
Баланың қашан өз бетінше дем ала алатынын дәрігерлер айта алмайды.
"Біз оның ағзасының өміршеңдігін қолдаймыз. Бірақ бұл үлкен жолдың басы ғана. Денсаулығы қалпына келе ме, қандай да бір салдары туралы айту қиын. Бақылау жүргізу бір ай немесе бір жыл жүргізіле ме белгісіз. Ұзақ кешенді оңалту қажет. Бірақ оптимизм бар, уақыт өте келе бірлескен күш-жігермен нәтижеге қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Күзеков.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін терапевтің кесірінен ауыр күйге түскен сәбиге ота жасалғаны туралы хабарлаған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты