Павлодарда әйел мен үш кішкентай баласын айуандықпен өлтіріп кеткен
Павлодар полициясына 9 қараша сағат 12.00-де Айманов көшесі, 2-үйдегі пәтерден төрт мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйге оралған ер адам кейін есікті аша алмай, көршілерінен арнайы құрылғы сұрап есікті ашқаны анықталды. Есік ішкі жағынан бекітілген.
Ер адам пәтерге кіргеннен кейін, бөлмелердің бірінде әйелінің және үш кішкентай баланың (2013, 2015 және 2017 ж.т.) мәйітін көрген.
Ерлі-зайыптылар бірге өмір сүрген. Олар пәтерден табылған үш баланың ата-анасы екені расталды. Пәтердегі тәртіп бұзылған жоқ. Жұбайы полиция шақырған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?