Павлодарда жүргізуші егде жастағы әйелді қағып, қашып кеткен
Павлодарда полицейлер 74 жастағы зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, оқиға Мәшһүр Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында болған.
"Белгісіз жүргізуші белгісіз автокөлікпен жаяу жүргіншіні, 74 жастағы зейнеткерді қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Аталған факті бойынша жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Айта кету керек, қарт әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Ол кеуде қуысының және жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, қабырғасы жабық түрде сынған, миы шайқалған.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды