Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті
Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпрат агенттігі.

"22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар полициясына бір қыздың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған баланың құлап кеткенін көрді. Оқиға Н. Назарбаев даңғылы, 204 мекен-жайында болған”, – делінген хабарламада.
Кәмелетке толмаған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
"Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полицияның баспасөз қызметі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды