Павлодарда жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті
Павлодардағы аулалардың бірінде қаңтарулы тұрған "Лада Гранта" жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің денесін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
"2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда", деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.
Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған.
Еске салсақ, 17 қаңтарда Шымкенттегі бірнеше құрылыс дүкенін өрт шарпыды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді