Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті
Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 12 сәуірде кешке Толстой, 68 көшесінде орналасқан үйде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жарияланған кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері көрінеді.
"Қоңырау сағат 18:32-де түсті. Біз оқиға орнына 3 минутта жеттік. Шақырту себебі - үш жасар баланың 9-қабаттан құлауы", - делінген жедел жәрдем станциясы хабарламасында.
Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтаған.
Елімізде тұрақты тұрғысы келетіндер үшін қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады