Павлодарда танысын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Павлодарда ұландықтар әйел зорлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 102 нөміріне әйел хабарласып, үйде оны таныс ер адам зорлағанын айтып арызданған.
Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оны бірден іздестіруге кірісті.
"Ұландықтар түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйдің ауласында бір ер адамды байқаған. Ол әскери жасақты көргенде абдырап, сасқалақтай бастаған. Әскерилер оны ұстап, дереу полиция учаскесіне жеткізді", – делінген хабарламада.
Жәбірленуші күдіктіні бірден таныды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"