Павлодарда таксиге мінген соң жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды
Павлодарда таксиге отырған соң із-түссіз жоғалып кеткен жігіт табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның табылғаны туралы inDriver такси қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"5 қазанда жоғалған жолаушының туыстары оның аман-есен табылғанын хабарлады. Нақты не болғанын және осы уақытқа дейін жігіттің қайда болғаны туралы айтпады. Біздің сервиске қатысты ешқандай шағым жоқ. inDriver компаниясы іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер мен құтқарушыларға, БАҚ өкілдеріне алғыс айтады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Айдан Саткановтың 4 қазан күні үйінен inDriver арқылы такси шақырып кетіп қалғанын хабарлаған едік. "Vita" еріктілерінің мәліметінше, содан бері үйіне оралмаған.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті