Павлодарда сегізінші қабаттан құлап тірі қалған бала ауруханада көз жұмды
Павлодарда терезеден құлап тірі қалған бала 1 тәуліктен соң көз жұмды. Бұл уақыт бойы дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін күрескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"7 қыркүйек 21:00-де бала ауыр жарақаттарына байланысты көз жұмды. Өкінішке орай, жүрегі тоқтап қалды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің сөзінше, бала өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Биіктен құлаған ол ауыр жарақаттар алған. Бас сүйегі жарақытынан бөлек, ішкі ағзалары мен тамырлары жыртылып кеткен. Баланың жасы 2 жас 7 ай болған.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда кішкентай бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кеткені туралы хабарлаған едік. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы