Павлодарда оқушыны екі рет көлік қағып кете жаздады (видео)
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында оқушы қызға екі көлік те жол бермей, қағып кете жаздаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Түсірілімнен скриншот
Бейнежазбада жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны байқалды. Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген. Қыз екі рет соқтығысудан аман қалды.
Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіге өтуге мүмкіндік бермегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде, яғни 34 500 теңге айыппұл салынды. Жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді”, – деп мәлімдеді ПД.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жаяу жүргіншілер жолында мұқият болуды ескертеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты