Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әкімнің әйеліне ұлы мектепте қызды ұрғаны үшін айыппұл салынды

Павлодардағы мектептердің бірінде қызды ұрған 6-сынып оқушысының анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды. Алғашында әйел баласының қорлық көргенін айтып, кінәсін мойындамаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Іс Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Оқушының әлі кәмелет жасына толмағаны ескеріліп, анасы жауапқа тартылды.

"Ұлым табиғатынан байсалды, жақсы оқиды, республикалық байқауларға, ғылыми жобаларға қатысады, волонтер. Мұғалімдер тарапынан ешқандай шағым жоқ, сабақтан себепсіз қалмайды", – деді баланың анасы сотта. 

Сот баланың мінез-құлқы анасының ұлын тәрбиелеудегі өз міндеттерін орындамауының салдары деген қорытындыға келді. Әйелге 52 мың теңге айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодардағы мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, әкімнің баласы қызды соққыға жыққан еді. Нәтижесінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың өзі бұзақылық жасады деп айыптап, анасына айыппұл салған болатын. 

Сондай-ақ әлеуметтік желіде зардап шеккен қыздың анасының үндеуі шыққан. Полицейлер жағдайды анықтап, Павлодарда 7-сынып оқушысы мен 6-сынып оқушысы арасында жанжал болғанын хабарлады. Оқиға салдарынан қыз ауруханаға жатқызылды. Оған келтірілген жарақаттар денсаулығына жеңіл зиян ретінде бағаланды. Полицейлер баланың әрекетін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп бағалаған. Іс материалдары сотқа жолданған еді. 

Талқылау