Павлодарда құтқарушыларды тексермек болған жігіт мұз астына әдейі түсіп кетті
Павлодарлық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz. порталына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай 3 наурыз күні сағат 11.00-де Ертіс өзенінде М. Горький көшесіне жақын жерде болған.
Құтқарушылар ер адамды құтқару белдемшесі мен арқанның көмегімен судан алып шықты.
"Зардап шегуші құтқару станциясына жеткізілді. 1996 жылы туған зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді, кейін "102" қызметіне берілді", – деді департамент мамандары.
Ер адам төтенше жағдай қызметінің қаншалықты жедел жұмыс істейтінін тексеру үшін осындай әрекетке барғанын айтқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"