Павлодарда құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстанның елтаңбасы табылды
Павлодарда құрылыс қалдықтарының арасынан Қазақстанның елтаңбалары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар сыртындағы құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстанның Елтаңбасы табылды.
Павлодарлық экологтардың айтуынша, полигон Қазақстан электролиз зауытының санитарлық-қорғау аймағында орналасқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жөнелтілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша сот тергеуі басталды.
Осы бап бойынша кінәлі адам 2000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 027 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бас бостандығын шектеуге жазаланады. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”