Павлодарда күйеуі әйелін ұрып өлтірді
Павлодар облысында ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, күйеуі әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні полицияға ер адамның өз әйелін өлтіргені туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің мән-жайын анықтады.
"Баянауыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде отбасылық жанжал шыққан. Күйеуі әйелін есінен танғанша ұрды. Жұбайы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды", – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Күдікті ұсталып, Баянауыл аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”