Павлодарда жүргізушіні көлігінде атып кеткен
Павлодар қаласының маңында шетелдік автокөліктің ішінен оқтан жарақат алған жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 қыркүйек күні кешкі сағат он шамасында Павлодар маңындағы Жаңа-ауыл кентіндегі базалардың бірінің аумағында, Audi A6 автокөлігінің салонында 27-жастағы ер адамның мылтықтың оғынан жарақат алған мәйіті табылды. Қылмыс жасағаны үшін 54 жастағы ер адам ұсталды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Күдіктіден мылтық тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциялары сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру болып табылады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар